Оңтүстікте шекарашылар жайқалған қарасора алқабының үстінен түсті

71 просмотров

Оңтүстікте шекарашылар жасырын өсірілген қарасора алқабы үстінен түсті.

 

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көкнәр-2016» жедел-сауықтыру іс-шарасының аясында, есірткіні дайындау, сақтауға қарсы тұру және заңсыз айналымының жолын кесу бағытында Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары есірткі өсімдігі өсірілген үлкен көлемдегі алқапты анықтады.

Шекарашылардың қырағылығы арқасында 1359 дана қарасора өсімдігі жиналып алынды.

Қазіргі уақытта аталған іске қатысты процессуальдық сипаттағы іс-шаралар өткізілуде, қарасораның салмағы анықталып жатыр.

Загрузка...