Бүгін еліміздің оңтүстігінде күн ашық, аптап ыстық болса, басқа аумақтардың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болып, батыста нөсер жауады, – деп хабарлайды Қазгидромет.
Бүгін еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жауады. Республиканың солтүстігінде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.