Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Оңтүстікте 17 жастағы Айгерім Оспанбекованы айуандықпен өлтірген таксистке үкім шықты

Алайда құрбысы телефон соға бастағанда, Айгерім жауап бермеген. Іс материалдарына қарағанда, Шымкентке 15 шақырымдай жер қалғанда жүргізуші көлігін тоқтатып, қыздың кеудесіне бұрауышпен 8 рет соққы жасаған.

Кейін оның мойнын, қолын және аяғын скотчпен орап, Бағыс ауылының маңында көміп кеткен. Ол қыздың 8,5 мың теңгесі мен ұялы телефонын ұрлап алған. Қыз із-түссіз жоғалды деп есептеліп, екі апта бойы іздеуде болған. Қыздың мәйітін жергілікті тұрғын тауып алыпты. “Сотталушының кінәсі дәлелденді.

Өз қылмысын мойындамады, бірақ дәлелдер оның келтірген дәйектемелерін жоққа шығарды. Ол сол күні Шымкентте болғанын айтты, ал ұялы телефонды жолаушылар берген деді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі және 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды”, – деді Дәурен Мадалиев.

Сонымен қатар, сотталушы жәбірленуші тарапқа моральдық шығын келтіргені үшін 3 миллион теңге төлеп беруі тиіс. Қаза болған Айгерімнің отбасы бұл үкімнің жеңіл екенін айтып отыр. Мәселен, прокурор 17 жыл сұраған, бірақ ер адамның екі кішкентай баласы болғанын есепке алып, судья мерзімді 16 жылға қысқартыпты. Сотталған Әлішер Арғымбаевтың отбасы оның кінәсі дәлелденбегенін айтып, апелляция беруге ниетті.

photo_28926

Марқұмның ата-анасы

Марқұмның ата-анасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз