Оңтүстік пен оңтүстік- шығыста жауын-шашын болмайды

27 просмотров

Бүгін еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік- батысында және шығысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғады, шығыстың кей аудандарында бұршақ ұруы мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік- шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды деп болжануда.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Қостанай облысында, күндіз Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел күшейеді – 15-20 м/с, бұршақ ұруы ықтимал.

Алматы,  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Алматы, Жамбыл, Атырау,  Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды  облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады

Загрузка...