Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Оңтүстік Қазақстанда жылыжай мен жанар-жағармай құю бекетін тонағандар ұсталды

Арада біршама уақыт өткен соң полицияға Жетісай – Жібек жолы трассасында орналасқан жанар-жағармай құю бекетінің қызметкерлерінен қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшыларының анықтауы бойынша, беттеріне бетперде киген және қаруланған белгісіз тұлғалар бекеттің ғимаратына баса-көктеп кіріп, қызметкерлерді қарумен қорқытып, ұялы телефондары мен кассадағы 100 мың теңгеден астам қаржыны жымқырып кеткен.

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 1986 және 1988 жылдары туылған жергілікті тұрғындарды құрықтады. Олардың бірі алдында сотты болған. Күдіктілерден табылған травматикалық қару мен автокөлікті полицейлер айғақ зат ретінде тәркіледі.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бабымен, 192-бап – «Қарақшылық» және 287-бап – «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тастамсталдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қарақшылық шабуылға қатысы бар басқа да күдіктілерді іздестіруде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз