Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бақшасы толған есірткі. 81 жастағы қария «шөп» өсіріп жүр екен

200

IMG_7767 Осы ақпаратты тексеру барысында тәртіп сақшылары 1950 жылы туылған азаматтың үйінен құрамында есірткі заттар бар болғандықтан -өсіруге тыйым салынған өсімдіктерге ұқсас шөптерін тапқан. Полицейлер айғақ заттар ретінде 538 түп „көкнар„ мен 6 түп „қарасора„ тәркілепті.
Сот-криминалистік сараптамасына сәйкес, тәркіленген шөп түптері құрамында есірткі заттар бар, жалпы салмағы 60 килограмм „көкнәр„ мен „қарасора„ болып шыққан.

Аталмыш факті бойынша, ҚР ҚК 300-бабына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Қазіргі таңда тергеушілер құрықталған азаматтың өз ауласында құрамында есірткі бар өсімдіктерді аса ірі көлемде қандай мақсатпен өсіргенін анықтауда.

Отырар ауданындағы ішкі істер басқармасының қызметкерлері де осыған ұқсас қылмыстарды ашып, жергілікті тұрғындардан 1700 түп көкнәр мен қарасора тәркілеген.

Мәселен, 2016 жылғы 10-мамырда Отырар аудандық ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері арнайы жедел-іздестіру шараларының барысында 1935 жылы туылған, яғни 81 жастағы жергілікті ақсақалдың үйіндегі бақшадан 600 түп күтіліп бапталған құрамында есірткі заттар бар шөпке ұқсас өсімдік тауып, тәркілеген. Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп „көкнәр„ болып шыққан.

Аталмыш фактілер бойынша, ҚР ҚК 300-бабына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз