Оңтүстік Қазақстанда оқушыларға „Шекарашының жас досы„ куәлігі табыс етілді

20 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш шекара отрядының басшылығы Ынтымақ елді-мекеніндегі Майлықожа атындағы №9 орта мектептің 9-сыныбындағы 24 оқушыға „Шекарашының жас досы„ куәлігін табыс етті.

Оңтүстік Қазақстанның оқушылары еліміздің шекарасын қорғауға қолғабыс етіп келеді деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш ауданында шекарашылардың жас достары қозғалысының жұмыс істеп жатқанына біраз болды. Қазір мектеп жанында осындай арнайы үйірме бар, онда оқушыларды әскери қызметке баулиды. Халық арасынан шыққан сақшыларға „Шекарашының жас досы„ куәлігі табыс етілді.

Загрузка...