Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оңтүстік Қазақстанда мектептен ноутбук ұрлаған екі күдікті ұсталды

Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы кезінде екі күдікті – 1995 және 1998 жылдары туылған жергілікті екі тұрғын құрықталды, олар кінәларын толық мойындады.

Тергеу анықтағандай, жас азаматтар мектептің терезесі арқылы ішке еніп, компьютерлік сыныптың шығар есігін бұзып 10 ноутбукті ұрлаған. Ұрланған ноутбуктерді Шымкент және Алматы қаласына апарып сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы, яғни «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат ретінде екі ноутбук тәркіленді. Күдіктілер кепілмен шығарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз