Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы атыс хроникасы: Оңтүстік астанада лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасының ғимараты алдында да атыс естілген.

Алдын ала келтірілген деректер бойынша, қарулы қақтығыс кезінде зардап шеккендердің саны – 11, оның үшеуі полиция қызметкері, тағы 7 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Сол секілді бір бейбіт тұрғын қылмыскердің қолынан мерт болған. Қаза тапқанның көлігін қылмыскер айдап кеткен.

Артынан бір қылмыскер қолға түсті.

Полиция Алматыдағы қарулы шабуыл туралы ақпаратта жоққа шығарды

Кейіннен ҚР Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді. Ондағы дерекке сүйенсек, Алматыда қару ұстап тайраңдап жүрген бір топ адам емес, екі қылмыскер екен.

ҚР ішкі істер министрлігі ресми сайтында  жарияланған дерекке сәйкес, оқиға былайша өрбіген:  Алматы қаласы ішкі істер департаментінің Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына кірмек болған ер адам кезекші полицияны жарақаттап, оның автоматты қаруын тартып алып, ізін суытқан.

Қылмыскердің ізіне түскен „Боран„ полиция экипажының екі қызметкері атыс кезінде жарақаттанған.

Қарулы қақтығыс кезінде полиция қылмыскерлері „Қазақконцерт„ ғимараты маңында күдіктіні ұстады. Оны құрықтау кезінде екі полиция қызметкері жараланды. Кейіннен күдіктінің аты-жөні анықталған.

Өкінішке қарай, қылмыскер жеңіл көлікті иемдену кезінде қала тұрғынын мерт қылған. Сонымен қатар, ауыр жарақат алған 3 полиция қызметкері көз жұмды.

Алдын ала келтірілген дерек бойынша, ұсталған қылмыскер 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны. Ол өткен демалыс күні бір әйелді өлтірді деп күдікке алынған.

Қалада „Дабыл„ шұғыл жоспары енгізіліп, қазір полиция қылмыскердің cыбайласын іздестіріп жатыр.

 

Үрей сыбыстар тудырды

Осы төтенше жағдайға байланысты Алматыдағы барлық қару-жарақ дүкендері белгісіз уақытқа дейін жабылды. Бұл туралы Қазақстандағы «Қорамсақ» қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов баспасөзге хабарлады. Оның айтуынша, барлығы да күшейтілген күзеттің қарауында.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде осы атысқа байланысты түрлі сыбыстар тарай бастады. Соның екеуі – Қапшағай әскери гарнизонына жасалған шабуыл  және І-темір жол вокзалына жарылғыш заттың қойылғандығы туралы ақпарат. Біздің медиа-портал бұл екі долбардың негізсіз екендігін анықтады.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Қапшағай әскери гарнизонына шабуыл жасалғандығы туралы сыбысты жоққа шығарды.

927a61c06d0e71f88d0420cd879888a9

Алматы-І теміржол вокзалындағы полицияның кезекші бөліміндегі қызметкерлердің айтуынша, сағат түскі 11-ден 12-ге қараған шақта, вокзалда кезекшілік атқарып жүрген полиция қызметкерлері күту залына кіреберістегі орындық маңынан күдікті қорапты тапқан.

Жолаушылардың ешқайсысы қораптың кімге тиесілі екендігін айта алмаған соң, полиция қызметкерлері тиісті органдарға хабарлап, дабыл көтерген.  Төтенше жағдайға байланысты 700-ге жуық жолаушылар мен вокзал қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнына жедел жеткен саперлер қораптың ішінен жеміс-жидек өнімдерін тапқан.

Қазіргі таңда дабыл белгісі тоқтатылып, вокзал штаттық тәртіпте жұмыс істеуге көшкен.

Сонымен қатар, „Жұлдыз„ ықшам ауданында қаруланған адамдардың жүргені, „Сити-орталық„ және „Сити-плюс„ сауда орталықтарында кепілдікке алынған адамдар туралы ақпараттар да расталмады.

Осыған байланысты, kaz.365info.kz ұлттық медиа-порталының редакциясы Алматы қаласының тұрғындарын сабыр сақтауға және тек құзеретті органдардың расталған ақпаратын басшылыққа алуға шақырады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз