Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп түлегі өзіне қол салды

Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Маханов растады. Тіпті, қыздың психологиялық күйзеліске түсіп жүргенінен де хабардар екен. Алайда басқа мәлімет беруден бас тартты.

Айта кетейік, бойжеткеннің күйзелісте жүргенін айналасындағылар да байқаған. Бұл тестілеу сынағына дейін орын алған. Осыдан кейін психологтар ҰБТ-ға қатыстырмай-ақ қойсақ қайтеді деген көрінеді. Білім бөліміндегілер психологтардың ұсынысын қабылдамай, ақыры сынаққа қатыстырыпты. Алайда бұл ақпаратты ауданның бас педагогы растамады.

Аиданың денесін 21 маусым күні, таңғы уақытта ағасы өз үйлерінің мал қорасынан тауып алған. Бұл іс Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының 1-бөлімінде тіркелген. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз