Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оңтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы қыз жоғалды

Аталған жайт Сарыағаш АІІБ бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеліп, іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Полицейлердің анықтағанындай, жас қыз демалыс уақытында ата-анасына келген және ағымдағы жылдың 10 мамыр күні, шамамен сағат 15.00-де заттарын жинап көшеге шыққан, Жетісай-Шымкент тас жолына шығып, өтпелі автокөлікке отырып, Шымкент қаласына бару керек болған.

Қазіргі таңда ОҚО ІІД бастығының бұйрығымен ОҚО ІІД Криминалды полиция және Сарыағаш АІІБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер барлық жедел ізестіру шараларын жүргізуде.
Қыздың белгілері: бойы – шамамен 160-165см, орта бойлы, қоңыр ұзын шашты, қоңыр-қысыңқы көзді.
Киімі: қызыл түсті футболка, алдында ақ жүректің суреті бар, көк түсті джинсы, қара түсті аяқ киім (кеды), қолында сұр түсті жол сөмкесі және сары түсті қол сөмкесі, құлағында ромб пішінді сырғасы болған.

Ерекше белгілері: құлағында ромб пішінді сырғасы болған.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыс тұрғындарына және көрген азаматтар бар болса, дереу «102» нөміріне полицияға хабарласуды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз