ОҚО Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

73 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл қызметке полиция полковнигі Жанат Сүлейменов келді.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Кеңжарық ауылында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, ҚР ІІМ академиясын бітірген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастаған. Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы болып қызмет еткен.

1998 жылдан ҚР Ішкі істер министрлігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған. ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаменті бастығының орынбасары, Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болған. Павлодар облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2009 жылдан ҚР ІІМ Есірткі бизнесмен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы, Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы, Криминалдық  полиция комитетінің төрағасы болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментін басқарған.

«ІІМ-дегі үздік қызметі үшін», «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан полициясына 15 жыл» төс белгілерімен, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Загрузка...