Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ОҚО-да сабаннан салынған 300-ден аса мектеп бар

“Оңтүстік Қазақстан” газетінің бас редакторы Абай Балажан қазақша жүргізілген жиында “Облыстағы сабаннан салынған мектептердің мəселесі қай уақытта шешіледі?” деп сұрақ қойды. Облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов:

– Облыс бойынша 1022 мектеп болса, оның 700-і типтік мектеп. Ал 300-ден астамы ыңғайластырылған жəне сабаннан салынған мектептер. Осы мəселені шешу үшін 2016 жылы ұлттық қордан жəне облыстық бюджеттен 22,5 миллиард теңге бөлінді, – деп жауап берді.

Əкімнің сөзінше, “алдағы үш жылда сабаннан салынған жəне ыңғайластырылған мектеп саны азаяды”.

Ресми дерек бойынша биыл ОҚО-да 63 мектептің құрылысы басталған, жаңа оқу жылында оның 25-і пайдалануға беріледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз