ОҚО-да 21 нәрестені сатқан әйел бұл қадамға қалай барғанын айтып берді

405 просмотров

Оңтүстік Қазақстанда 21 нәрестені сатып, істі болып жатқан әйел бұл қадамға қалай барғаны жайлы біздің тілшілерге айтып берді. Өз әрекетін ол қылмыс деп санамайды екен. Шымкенттегі №1 перинаталдық орталық акушерлерімен бірге шақалақтарды сатып келген Эльмира Дәулетова бар кінәні сол ақ халаттыларға жауып отыр.

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Өзінің де кәмелеттік жасқа толмаған 4 баласы бар жалғызбасты ана нәресте сатумен 2012 жылдан бері айналыса бастаған. Перзентханада сәбиінен бас тартқан аналарға келіп, баласын беруге үгіттеп отырыпты. Медициналық мекемеде жұмыс істемейтін оны дәрігерлер өздері делдал ретінде шақыртатын көрінеді. Сөйтіп, Дәулетова бір жыл ішінде 21 тастандыға жаңа ата-ана тауып берген.

Бала саудасы 2013 жылы әшкере болған кезде өзі перзентхананың екі дәрігерін, құжат жасауға көмектескен АХАЖ бөлімінің қызметкерін, тағы екі сыбайласын полицияға тапсырыпты. Қазір олардың барлығы түрмеде жазасын өтеп жатыр. Енді өзіне де қатысты үкім оқылатын күн таянғанда, 35 жастағы әйел қылмыс жасағанымды білген жоқпын деп ақталуда.

Эльмира Дәулетова, күдікті;

-Жаңа туған шақалақтар жетім қалмас үшін көмектескім келді.Менің іс-әрекетімнен ешкім зардап шеккен жоқ қой. Қайта асырап алушылар осы күнге дейін рахмет айтады. Егер мені соттап жіберсе балаларым қайда барады? Олар да тірі жетім атанбай ма? 

Загрузка...