Әнші Асхат Тарғын қазаққа жат образдағы «NinetyOne» тобымен күреспек

1 389 просмотров

Қазақстандықтарды «NinetyOne» тобының Ақтөбеде жоспарланған концертіне қарсылық білдіруге шақырған «Чип-чип» әнімен танылған әнші Асхат Тарғынның басы дауға қалды.

«Ағайын, жұмыла көтерген жүк жеңіл,бәріміз, бір ауыздан қазақ өнерін ластатпауға, жұртты, елімізді аздыруға жол бермейік. Мен_NientyOne концертінің Ақтөбеде_өтуіне_қарсымын», — деп жазды ол Интаграмдағы жеке парақшасында.

Бұл жазба пайда болысымен, әлеуметтік желіні пайдаланушылар ду ете түсті. Бірі бұл ұсынысты қолдаса, бірі оны айыптап, өзін сынап, сыбап тастады.

«… Сізді тойларға ғана шақырады. Жастарға жол беріңіздер. Заманмен бірдей аяқ басыңыздар. Сіздердің тыңдармандарыңыз — 40-70 жастағылар» деп онда NinetyOne тобы жинаған жанкүйерлер көлемі жоқтығын бетіне салық етті.

Ал тағы бірі бәсекелестікке елді араластырмай, өз өнерін дамытсын деген ақыл да айтты. «Демократиялық мемлекетте əр адам қалай киінгісі, қалай жүргісі келетінін өзі біледі. Өзіңізге де осылай қақпақ болса ұнар ма еді?» деді жазба иесі. Дегенмен аты аталып, түсті түстелген топтың қазаққа жат образын кезекті рет сынағандар да табылды.

Еске салайық, «NinetyOne» тобының жетекшісі «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Өзіндік стилі бар квартет құрылған күннен бастап-ақ көпшіліктің сынына ұшырап келеді. Дегенмен, бұл оларға жанкүйерлердің жүректерін жаулауға, отандық және шетелдік түрлі хит-шерулердің алғашқы орындарынан көрінуге кедергі келтіріп отырған жоқ.

Загрузка...