Ниццада жоғалып кеткен қазақстандық отбасы әзірге табылған жоқ

30 просмотров

Теракт кезінде Ниццада болған қазақстандық үш азаматтың қайда екені әзірге анықталған жоқ.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әзірге Ниццада жоғалған отбасы жөнінде еш ақпар болмай тұр. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздеуді біздің дипломаттар жүргізуде», — деп атап өтті ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ануар Жайнақов.

Айта кетейік, төрт адамнан тұратын қазақстандық отбасы — атасы, әжесі, қызы мен немересі Ниццаға Павлодардан барған. Бейсенбі күні (теракт күні — ред.) атасы үйде қалған, ал әжесі, қызы мен немересі қалаға қыдыруға кетіп, содан кейін қайтып оралмаған.

Қазір қазақстандық дипломаттар француз билігінің көмегімен оларды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Загрузка...