Ниццадағы терактіде 4 қазақстандық қаза тапқан

70 просмотров

Францияның Ницца қаласындағы терактіде 4 қазақстандық қаза тапқан.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Қазақстан азаматтары: Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) мен Отто Наталья (1959) Ниццадағы лаңкестіктің құрбандары болды. Туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстан СІМ қаза болғандардың туыстарына барлық қажет көмекті көрсететін болады», — делінген ҚР СІМ-нің Твиттер арқылы таратқан хабарламасында.

Айта кеткен жөн, бұған дейін теракт құрбандарының ішінде Қазақстан азаматтары болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Ниццада Бастилияны алу күнін тойлау кезінде Ағылшын жағажайында жүк көлігі сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен топталған адамдарды қаққан еді. Оқиға салдарынан 84 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақаттанған. Жүк көлігінің жүргізушісін полиция атып тастады.

Дереккөз: 24 kz

Загрузка...