Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болған

Түнде ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматы хабарласып, Ницца қаласындағы «ағылшын жағалауына» жақын жердегі қонақ үйде отырғанын және жанында тағы үш адам бар екенін мәлім етті. Олар өмірлеріне қауіп төнеді деп қорыққан. Терезеден қаза тапқандарды, қашқан адамдарды көрген. Бізден көмек сұрады. Қазақстанның дипломаттары шұғыл түрде оларға хабарласты. Қазір төрт азамат та қауіпсіз жерде. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ»,-деді Ә.Жайнақов.

Оның айтуынша, Ниццада жүрген төрт азамат ерлі-зайыптылар отбасы және олардың екі туысқаны. Төртеуі де бұл елге турист ретінде барған. Қазір олар өздері тоқтаған қонақүйде жатыр.

Айта кетейік, Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 84-ке жетті. 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз