14-шілдеде Ниццадағы теңіз жағалауында 84 адамды қағып өлтірген лаңкестің және оның пәтерінің суреті БАҚ беттерінде жарияланды.
Суреттер Мignews.com интернет ресурсынан алынды.
Лаңкестің немере інісі Мохаммедтің әсіре ислам дінін ұстанбағанын айтқан.
“Керісінше, ол ішімдік ішіп, шошқа етін жеп, есірткі қабылдайтын. Мешітке де барған емес, намаз оқымаған, әйелін жиі ұрып-соғатын”, – дейді жергілікті басылымға берген сұхбатында лаңкестің туысы.
Ал Мохаммед Булелдің көршілері оны жалғыз әрі момын адам ретінде сипаттапты. Жоғары қабатта тұратын отбасы оның тіпті сәлемдеспейтінін айтқан. Тағы бір көршісі Булелдің: “Бір күні мен туралы естисіздер” деген сөзін еске алған.
Ал құқық қорғау органдары Мохаммед Булелдің радикал көзқарастардың ұстанымын ұстанатыны жайлы мәліметтің жоқ екенін хабарлады.
Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастиллияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды жапырып, басып өткен. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойына кеглдің тас добы құсап жапырып жүрген. Оқиға орнында жүк көлігінің жүргізушісінің көзі жойылды.