Айтуларынша, олар қала әкімдігінің өтінішінен кейін концерттің уақытын өзгертіпті.
Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн оңтүстіқазақстандық бір топ белсенді жас Ninety One тобының Шымкентте өтетін концертіне қарсылық танытып, бейнеүндеу жариялаған болатын. Қаладағы «Тәуелсіздік» саябағына жиналған 30-ға жуық қыз-жігіт аталған концертті өткізбеуге бар күшімізді саламыз деп уәде берген.