Ninety One тобының продюсері: «Жұлдыз» ауруы Қазақстанда ғана бар

144 просмотров

«Жұлдыз» ауруы Қазақстанда ғана бар. Бұл туралы Хабар телеарнасының «Компромат» бағдарламасында аталған Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан айтты.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жігіттердің ойлау қабілеті бастапқыда өзгеше болды. Ерболатқа жолыққаннан кейін белгілі бір уақыттың, 2-3 ай немесе  1 жылдың ішінде идеологиялық тұрғыда жұмыс жүрген сияқты. Мұндай идеологиялық жұмыс жүргізуді қайдан үйрендіңіз және сізге кім үйретті?», — деп сұрады бағдарлама жүргізушісі топ продюсерінен.

«Идеологиялық жұмыс деп айта алмаймын, бұл жерде тәрбиелік жұмыстар болды. Әртіс ретінде сен кімсің, өзіңді қай деңгейде санайсың деген сияқты. Бізде жұлдыз ауруы деген бар.  Негізінде шетелде жұлдыз ауруы деген жоқ. Бұл ұғым тек Қазақстанда ғана бар. Осының бәрін балаларға түсіндіремін», — деді ол.

Сонымен қатар ол  Ninety One тобы тек  Қазақстанмен ғана шектелмей әлемдік деңгейде өнер көрсетуіне жұмыс істейтіндігін баса айтты.

«Менің мақсатым — қазақ өнерін экспорттау.  Кезінде «Орда» тобы костюм-шалбармен крассовки, кеди киіп шыққанда да осындай әңгіме болды. Бізден үлкен аға-апарымыз көп сын айтқан», — деді топ продюсері.

20161023192351

Загрузка...