Неткен махаббат! Көңілдес әйел өзін өлтіруге тапсырыс берген әкімді сотта қорғап шықты

3 668 просмотров

Батыс Қазақстан соты көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген аудан әкімін босатпайтын болды. Ең қызығы, өлтіруге әрекет жасаған айыпталушы ғана емес, сонымен қатар зардап шеккен әйелдің өзі ашынасын босатуды сұрап отыр. 

Бұл туралы КТК хабарлады.

Әкімнің көңілдесі болған әйелдің айтуынша ашынасының өзін өлтірмек ниеті болмаған. Осы себепті де ол әкімді босатуды сұрауда. 

Айтуынша, Серікқалиевпен арадағы байланысы өте жақсы болған, әкім екеуінің ортақ баласына да жақсы қарасқан.

Кристина Сәлімгерееваға осы жылдың ақпанында қастандық жасалған еді. Оған 8 жерден пышақ салған. Соған қарамай әйел қастандықты ашынасы емес, басқа біреудің жасағанына сенімді. Теректі ауданының экс-әкімі Жеңіс Серікқалиев те өзін судан таза, сүттен ақпын дейді. Ол қылмыстық істі жабуды сұрап отыр.

Оның сыбайластары аудандық тұрғын-үй шаруашылығының бұрынғы басшысы мен көлік жүргізушісі жазадан жеңіл құтыларына сенімді болған еді. Алайда арызданған тараптың өтінішін қарап шыққан апелляциялық коллегия үкімді өзгеріссіз қалдырды, олар тиісінше 11 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

1

 

 

Загрузка...