Германияның «Билд» басылымы осы елдің ультра радикалды партиясы атынан Дрезден қаласы әкімдігінің мүшесі Вернер Клаунның хақ жолға түскенін хабарлады.
Ол исламды қабылдап қана қоймай, босқындарға көмек көрсетіп, радикалды бағыттан бас тартқанын іспен дәлелдеді, деп хабарлайды islam.kz.
Сондай-ақ, ол неміс тіліне аударылған қасиетті Құран кітабын оқып жүр. Ол исламды қабылдай салысымен мұқтаж жандарға қолұшын созып, Сириядан және Ливиядан келген төрт босқынды үйіне паналатып отыр.