Неміс инвесторлары 30 млрд евро бөліп, Кендірлі шипажайын жұмаққа айналдырмақ

66 просмотров

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауында соны үлгідегі демалыс орыны бой көтереді. «Ақылды» үйлер, сәнді дизайндағы жаңа мейманханалар әр беретін заманауи туристік орынның жобасы Германияда таныстырылып та үлгерді. Бұл туралы 24kz. хабарлайды.

Неміс инвесторлары Маңғыстаудың «Кендірлі» шипажайын жер шарына әйгілеуді жоспарлап отыр. Каспий теңізінің жағасында орналасқан «Кендірлі» шипажайы енді 200 мыңдай тұрғыны бар шағын қалаға айналмақ.

Жоба бойынша бұл мекенге мектеп, аурухана, балабақшаны мемлекет салып береді.

Ал жекеменшік нысан мен коммерциялық орындардың құрылысын, оның ішінде 23 қонақүй, аквапарк, яхта клубтары мен сауықтыру орындарын неміс инвесторлары қаржыландырмақ.

Бұл мақсатқа олар 600 миллионнан 30 миллиард евроға дейінгі қомақты қаржы жұмсауды жоспарлап отыр.

Герхард Лойбл, Analoga GmbH компаниясының басшысы, инвестор:

— Бір нысанның құрылысына 2000 адам тартылады. Ал 4 жылдан соң үш бірдей қонақ үй пайдалануға беріледі. Біз Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Себебі бұл елдің табиғи көркі көз тартады. Жалпы, Қазақстан әлем елдері үшін ашық әрі қолайлы мемлекетке айналып келеді.

Загрузка...