Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Не дейді? Қазақстанда апталап, айлап қонақ күту шектелуі мүмкін

167

Тероризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған құжатқа енгізілетін басты 3 өзгертудің ішінде қоғамның қызу талқысына түсіп отырған осы мәселе болып отыр. Құқық қорғау органдары осы құжат арқылы 10 күннен артық жатқан қонақтарды, пәтерді жалға алушыларды сол мекенжайға тіркеуді міндеттеуді ұсынған.

Бұл ереже орындалмаған жағдайда пәтер иесі мен жалға алушы немесе қонақ та жауапкершілікке тартылады делінген. Халық арасындағы қарсы пікірлер мен сарапшылардың уәждерін ескерген депутаттар тек пәтерді жалға берушілерге ғана осындай талап қою керек деп отыр.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз енді 10 күн аз шығар, жұмыстарымен келеді, қонаққа келеді, оқуға келеді, сондықтан осы 10 күннен кем дегенде 1 айға дейін көтеруді ұсынып отырмыз. 1 айдың ішінде адамның шаруалары бітеді ғой.

nazir-salt-nurgisa-foto-1

Дереккөз: 31 арна

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз