50 жастағы Өзбекстан азаматы Зайнаб Рахманова Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін алты айға бас бостандығынан айырылды. Ол Ресейге бару үшін бейтаныс адамға 1200 АҚШ долларын төлеген.
Омск облысында өткен сотта Зайнаб Рахманованың осыған дейін Ресейден депортацияланғаны мәлім болды. Бірақ соған қарамастан заңсыз жолмен қайта кірмек болған.
Омск прокуратурасының аталған қызметкері соңғы уақытта Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарының ресей-қазақ шекарасын заңсыз кесіп өтуі жиіліп кетті дейді.