Үндістан Қазақстанның астанасын көшіру тәжірибесіне қызығушылық танытты

23 просмотров

Астана әкімі Әсет Исекешев Үндістанның Андхра-Прадеш штатының бас министрі Нара Чандрабабу Найду мырза бастаған делегациямен кездесті.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Шетелдік қонақтар Қазақстанның астанасын көшіру тәжірибесіне қызығушылық танытты. Олар Астанаға екінші рет келіп отыр.

Кездесуге Үндістанның ірі компанияларының өкілдері қатысты. Тараптар қала құрылысын жоспарлау, инвестициялар және туризм салаларында екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екендігін атап өтті.

Андхра-Прадеш штаты Үндістанның оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Аталған өңір ауыл шаруашылық, электроника және ақпараттық технологиялар, пайдалы қазбаларды өндіру, фармацевтика және биотехнология салаларында жетекші орында. Штат халқының саны — 50 миллион адамға жуық.

Загрузка...