Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Назым Қызайбайдың жеке бапкері жазаға тартылуы мүмкін

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Назым Қызайбайдың жеке бапкері Жұмабек Өмірзақов Астанада өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында «масқара оқиғалар» болғандығын атап өткен. Оның пікірінше, қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетіліпті. Сонымен қатар, бапкер Қазақстан бұдан кейін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 4 алтын медальді қанжығалай алмайды деген пікір білдірген.

«Федерация құрамына кіретін жеке бапкердің себепсіз сөйлеуге құқы жоқ. Біз осы жағдай бойынша арнайы бюро өткіземіз. Онда Назым Қызайбайдың жеке бапкеріне қатысты тәртіптік жаза белгілейміз», – деді Б. Әбдірахманов.

– Менің ойымша, оның пікірі дұрыс емес. Адам орынсыз сөйлемеуі қажет. Егер оны өз көзімен көрсе, айтуға негіз болса, онда құқы бар. Біз бокстан Астанада өткен әлем чемпионатында мықты жекпе-жектерді көрдік. Онда қыздарымыз жеңіске жетті. Осылайша олар әділетті түрде бірінші орынды жеңіп алды. Мен білмеймін, мүмкін сол күні жеке бапкердің көңіл-күйі болмаған шығар, – деп түйіндеді сөзін мемлекеттік жаттықтырушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз