Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Назым Қызайбайды Риоға апармағанымыз дұрыс болды, ол дайын емес еді – бапкер

– Егер Назым биыл Астанада өткен Әлем біріншілігінде 48 емес, 51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткенде 48 келіде де, 51 келіде де медаль ала алмауымыз мүмкін еді. Тіпті, 51 келі салмақ дәрежесінде олимпиадалық лицензияға да қол жеткізе алмай қалуымыз да ғажап емес еді.

Сондықтан, біз дұрыс істедік деп ойлаймын.

Назым 48 келі салмақ дәрежесінде екінші рет Әлем чемпионы атанды. Ал, 51 келі салмақ дәрежесінде Жайна Шекербекова үшінші орынға ие болып, олимпиадалық лицензияға ие болды.

Сондықтан, бұл тек менің ғана емес, бапкерлер ұжымының ортақ пікірі – Назым физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да 51 келі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасында өнер көрсетуге дайын болған жоқ.

Оның үстіне салмағы да аз еді. Сондықтан біз барлығын 100 пайыз дұрыс істедік деп ойлаймын, – деді ол.

Сондай-ақ Вадим Присяжнюк Назымға Риоға қатысуға мүмкіндік бергенін, бірақ ол оны тиімді пайдалана алмағанын да айтты.

– Негізі мен оған биыл мүмкіндік бердім ғой. Ол 51 келі салмақ дәрежесінде биыл Қазақстан чемпионы атанды.

Жарайды деп, оны Қытайда өткен лицензиялық турнирге алып бардық. Бірақ, онда ол бес дүркін Әлем чемпионы, 33 жастағы үндістандық Мэри Комнан жеңіліп қалды.

Ал, Мэри Ком жасы келген, бар күшін сарқыған боксшы. Ол, тіпті Рио Олимпиадасына бара алған жоқ. Міне, сондай боксшыдан Назым жеңілсе не айтуға болады!? Ал, Жайна Азия ойындарында Мэримен тамаша бокстасты. 100 пайыз жеңіске жетті. Бірақ, төрешілер атақ-абыройы үшін жеңісті Мэри Комға берді. Міне, солай, – дейді бокстан Қазақстанның әйелдер құрама командасының аға бапкері.

Еске сала кетелік, Назым Қызайбай 2016 жылы Әлем чемпионы болса да Рио Олимпиадасына іріктілген боксшы қыздар сапынан көріне алмады. Мұны спортшы да, оның жеке бапкері де әділетсіздік деп бағалаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз