Бокстан әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайға Алматы қаласы бокс федерациясының басшылығы жаңа автокөлік сыйға тартты.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Назымға Toyota Corolla автокөлігінің кілті табысталса, оның жеке бапкері Жұмабек Өмірзақовқа ақшалай сыйлық берілді.
Алдында біз Алматы қаласының бұрынғы әкімі спортшы қызымызға велосипед қана келетін ақша сыйлағанын сынап мақала жазған едік. Одан кейін Алматыға жаңа келген әкім Бауыржан Байбек Назым Қызайбайды қабылдап, оған 1 миллион теңге мен көліктің кілтін табыс еткен.