Адамға лық толы автобус ішінде тұрған Назарбаевқа ұқсас адамның суреті әлеуметтік желілерде жылдам тарап кетті, деп жазады NewTimes.kz.
«Елбасының» автобустағы суреті Instagram-дағы аккаунттардың бірінде пайда бола салысымен, оны жарты сағаттың ішінде 7 мыңнан астам адам көріпті.
Иә, Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың «двойнигі» бар – ол қостанайлық Сәрсенбай Доданов.