Назарбаев: Әлемде күрделі жағдай қалыптасты, біз Қырғызстанмен бірге болуымыз керек

158 просмотров

Қырғызстан СІМ басшысы Эрлан Абдылдаев Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және қазақ сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесті. Тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи бауырластық біріктіріп тұрғанын атап өтті.

«Сіздің еліңіз біздің жақын көршіміз әрі әріптесіміз. Екі ел арасында шешілмеген мәселе болмауы тиіс, достығымыз басқаға үлгі болуы керек. Әлемдегі күрделі саяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, біз бірге болуымыз керек», — деді Қазақстан президенті.

Абдылбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың сәлемін жеткізіп, екі жақты әріптестіктің әрі қарай дами беретініне сенетінін жеткізді.

bcd9fc6b-905e-4dac-b02d-b251023903c1_w987_r1_s

Загрузка...