Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына келді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Айта кетсек, бүгін Бішкекте ТМД елдері мемлекет басшыларының 25-ші мерейтойлық саммиті басталды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қырғызстан бұл шараға екі жыл бойы дайындалып, бюджеттен 18 миллион сом (шамамен 260 мың АҚШ доллары) жұмсаған. «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында делегацияларды қабылдау үшін киіз үйлерге ұқсас қабылдау үйлері салынған.