Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Назарбаев Ақордаға Сағынтаевты шақырып есеп алды

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

– Қысқа дайындық мәселесі өте қажет. Өзің білесің қай жерлерге қандай көмек жасау қажет,барлығы дайын болатын болсын. Ауыл шаруашылығы науқаны бітті. Әсіресе, бидайды сату мәселесі. Күнделікті істеліп жатқан дүние өз алдына, жан-жаққа қарап отыру керек. Экономика қалай болады, әсіресе қаржы жүйесіндегі щаруаны, аяғына дейін жеткізу керек.

9 айдағы экономиканың көрсеткішін тізіп әкелген премьердің есебі оптимизмге толы. Бастысы инфляция жоспарлаған межеден аспаған. «Нұрлы жол» бағдарламасының ойдағыдай іске асып жатқанын айтқан Бақытжан Сағынтаев, жыл соңына дейін тұрғындарға тегін он сотық жер алуға мүмкіндік беретін «Нұрлы жер» бағдарламасының қабылданатынына сендірді.

Премьердің көңіліне тағы бір демеу болатыны – көп күттірген Қашағанның іске қосылып тәулігіне 90 мың баррель мұнайдың өндірілуі. Бұл өз кезегінде бюджет түсірімін арттыратыны анық. Сондай-ақ Сағынтаев   азық-түлік бағасы, әлеуметтік нысандарға жылудың уақтылы берілуі мен ауқымды құрылыстардың мерзімінде тапсырылуын жеке өзінің қадағалап отырғанын айтты. Ал экономиканы құлдыратпай ұстап отыруы үшін  қазынадан тағы 481 миллиард теңге бөлінген. Премьер-министр бұл қыруар қаржыны да шашауын шығармай жұмсауға уәде берді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

– Бүгінгі күнде ақшаның бәрі жергілікті жерге жетті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ол  халықтың игілігіне жаратылуы керек, халық оны сезіну керек. Сол себепті осы бағдарламаны күнде бақылап отырмыз.

nazarbaev-sagintaev-e1476875759981

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз