Нөсер жаңбыр жауып, су басқан Семей көшелерін тазалап жатыр

35 просмотров

Семейде 6-тамызда қатты нөсер жаңбыр жауып, көшені лай басты. Қазір қала көшелеріндегі сарылдаған жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұов мәлімдеді деп хабарлады Zakon.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 6-тамызда қалада жаңбыр шекті көлемнен аса көп жауған, ол 37 мм құрайды.

Қазіргі уақытта қаланың басты мына көшелеріндегі жаңбыр суы сорып алынып жатыр:

— Лесная көшесі, 2 және 72-ші махалла. Оған өрт сөндіруші мен апатты-құтқару қызметінің жұмысшылары жұмылдырылған: 7 адам және 3 моторлы жабдық.
— Бозтаев көшесі. Оған Семей қаласы тұрғын үй шаруашылығының күші тартылған: 10 адам және 8 техника.
— Селевин, Әуезов, Глинки көшелері. Оған Семей су арнасы жұмысшылары күш салып жатыр: 5 адам, 3 техника және 2 моторлы жабдық.

 

Загрузка...