Нұрсұлтан Назарбаев „Сбербанк России„ ААҚ басшысы Герман Грефті қабылдады

21 просмотров

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев „Сбербанк России„ АҚҚ президенті Герман Грефті қабылдады. Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметінің мәселелері, сондай-ақ елдің қаржы секторы мен банк жүйесін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды деп хабарлайды akorda.kz.

Елбасы «Сбербанк» Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде республиканың жетекші қаржы-несие мекемелерінің біріне айналғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде көптеген елдер мен қаржы институттары қиындық көріп отырғанын, проблемаларды шешу жолдарын бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы іздестірудің маңызды екенін атап өтті.

Герман Греф Қазақстан Президентіне банк саласын дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін ризашылық білдірді.

– Қазіргі дағдарыс бізге жұмысымызда нені жақсарту керектігін сезінуге мүмкіндік берді. Қиындықтарға қарамастан, банк қызметі былтырғыға қарағанда биыл айтарлықтай тұрақты болды. Жалпы, дағдарыс бізге таяу кезеңде елдегі жұмысымызға, атап айтқанда тәуекел менеджементін жетілдіру және соңғы технологияларды анықтау саласындағы қызметімізге біршама өзгерту енгізу қажеттігін айқын аңдатып отыр, – деді Греф.

Ресейдегі беделді қаржы маманы Герман Грефтің Қазақстан тумасы екенін, оның Павлодарда дүниеге келгенін айта кетелік.

Загрузка...