Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовті еске алуға Самарқанға барды

471 просмотров

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапармен Самарқанға барды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Қазақстан президенті Самарқанға Өзбекстанның тұңғыш президенті тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағзым ету үшін келді. Сапар аясында Кәрімовтің бейітіне гүл шоғын қойып, оның отбасымен жүздесу жоспарланған. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездеседі» делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, Өзбекстанды ширек ғасырдан астам уақыт басқарған Ислам Кәрімов 79 жасқа қараған шағында қыркүйектің 2-сі күні көз жұмды. Кәрімовті жерлеу рәсіміне Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Үкімет басшылары бастап барған делегациялар келді.

Ал қыркүйектің 6-сы күні, Ресей президенті Владимир Путин Кәрімовтің қазасына көңіл айту үшін Самарқанға жұмыс сапарымен арнайы барған болатын.

Загрузка...