Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 100 мың жер телімі берілгелі жатыр

Екіншіден, тұрғынүй жинақ жүйесі бойынша халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді. Осының аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін аймақтық тұрғын үй қорларын құру жоспарланып отыр.

Үшіншіден, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға баса назар аударылмақ. Бағдарлама аясында осы уақытқа дейін берілген жер учаскелеріне де инженерлік желілер тарту қарастырылған.

«Инженерлік желілер тартып, жекеменшік тұрғын үй саласын дамыту осы саланың басты бағыты болмақ. Осы жұмысқа қосымша инвестиция тартудың арқасында біз бюджетке түсетін салмақты азайта аламыз. Сондықтан бұл бағыттар жаңа бағдарламада көрініс табатын болады», – деді Қуандық Бишімбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық үш бағыты бойынша инфрақұрылымды барынша дамыту жоспарланып отыр. 2015-2016 жылдары осы мақсатқа 151,8 млрд теңге қарастырылған. Соның арқасында 2016-2017 жылдары 101 мыңға жуық жаңа жер учаскесінің инженерлік инфрақұрылымы дайын болмақ. Бұдан бөлек, осы уақытқа дейін берілген 57,4 жер учаскесіне инженерлік желілер тартылады. Соның нәтижесінде қосымша 43,5 мың жаңа учаске дайындауға мүмкіндік бар. 2017 жылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту шараларына тағы 84 млрд. теңге жұмсалады.

Айта кетейік, Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұрғын үй құрылысына арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Оның аясында инженерлік инфрақұрылымды тартқаннан кейін қазақстандықтарға 10 сотық жер беру қарастырылған. Аталған бағдарламаға қазіргі ипотекалық және тұрғын үй жинақ тетіктері енгізілетін болады.

Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің айтуынша, «Нұрлы жер» бойынша игерілмей жатқан жерлерді қайтару тетігі жылдың аяғына дейін қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз