Мюнхендегі қазақстандықтар елшілікке көмек сұрап, хабарласпады

28 просмотров

Мюнхенде тұратын қазақстандықтар қандай да бір көмек сұрап, елшілік қызметіне жүгінген жоқ.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне телефон арқылы Германиядағы ҚР елшілігі хабарлады.

Атап өтейік, соңғы мәліметтер бойынша, Мюнхендегі сауда орталығында болған атыс салдарынан қаза болғандардың саны 10-15 адам делінеді. Бірақ бұл факті ресми нақтылғанған жоқ.

Полиция мәліметтері бойынша, мерт болған адамның бірі шабуыл жасаған атқыштардың бірі болуы мүмкін.

Оның асынатын қызыл сөмкесі болған, онда бомба болуы ықтимал, деп РИА Новости Бавария радиосының хабарын келтіреді. Өлген адамның денесі табылған жер қоршауға алынды.

Жұма күні Мюнхендегі «Олимпия» сауда орталығында, Карлсплатц алаңында және метро стансасы жанында атыстар орын алды. Әртүрлі мәліметтер бойынша, үштен он беске дейінгі адам құрбан болған. Полиция арнайы операция жүргізуде, қалада төтенше жағдай жарияланды. Қылмыскерлердің тұрғылықты жері және олардың дәл саны әзірге анықталған жоқ.

Загрузка...