Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіт Сирияда соғысып жүр

2 862 просмотров

Сирияда соғысып жүрген ақтөбелік жігіт сырттай қамауға алынды. 25 жастағы Руслан Қуанов осыдан үш жыл бұрын Мысырға арабша үйреніп, діни білім алуға кеттім деп туыстарын алдаған. Бірақ қай университетте оқып жүргенін айтпапты.

 

ааа КТК арнасының хабарлауынша кейін белгілі болғандай Руслан Сириядағы содырлардың қатарына қосылған.

Онымен қоймай, әлеуметтік желілер арқылы еліміздегі таныстарын қарулы қақтығысқа қатысуға шақырыпты. Қазір Қуановқа халықаралық іздеу жарияланды.

Ұсталған жағдайда сотқа сүйреп жүрмес үшін тергеушілер алдын ала санкция алуды жөн санаған. Ол үшін қалалық сотқа өтініш түсіріп, сырттай шешім шығарып берді.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Қуанвоқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, ұсталған күннен бастап екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

 

Загрузка...