МузАрт тобы тарқап тынбақ па?

1 804 просмотров

МузАРТ – қазақ халқының сүйікті үштігіне айналған топ. Алайда, жуырда ел арасында осы топ тарқайды деген сөз тарады. Бұл сөз қаншалықты рас? Халық арасында тарап кеткен мұндай қауесет жайында МузАРТ-тың өзі не дейді?

Бұл жайында «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Астана» телеарнасынан көрсетіліп жүрген «Қош келдіңіз!» атты бағдарламада МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев жоғарыда аталған сұрақтарға жауап беріп, ағынан жарылды.
Оның айтуынша, «МузАРТ» тобын тарату жайлы ой халықтың жәй ойлап тапқаны емес, олар расымен бір кездері осындай шешімге келген. Оның үстіне, «Қазақстан» телеарнасы арқылы көрерменге жол тартқан «МузАРТ LIVE»  жобасы да көпшіліктің күдігін үдете түсті. Бұлжобаны тамашалағандар — «Аталған жоба үздік үштіктің ізбасарларын дайындайды екен» дегенді де шығарды.
Алайда, мұндай ойдан бас тартқызып, әншілерге стимул берген халықтың ықыласы екен. 
Қазақтың әні арқылы қазақтың атын әлемге танытып жүрген МузАРТ-қа қарап жас өнер иелерінің бой түзеп келе жатқаны белгілі. Сондай әнші азаматтар мен МузАРТ әншілерінің бас қосқан бір жиынында Сәкен Майғазиев топтың таралатыны жайында сөз қозғаған.
«Сонда, әнші ініміз Төреғали Төреәлі жарты сағаттай үнсіз қалғанын біреулер  байқап қалыпты. Төреш,  не болды? деген сұраққа МузАРТ-тың таралатыны жаныма батып отыр деп жауап берді»,- дейді «Қош келдіңіз!» бағдарламасында Сәкен.
Осы сыңайлы халық тарапынан келген сөздер, әрекеттер МузАРТ тобының сақталып қалуына көп ықпалын тигізген.
Әншілердің өздері алдарында «Тараз» триосы, «Досмұқасан» ансамблі сынды аға буын әншілер әлі де халықты қуантуға ниетті болып жүргенде МузАРТ-тың жарты жолда «шаршадық» дегені жарамас деп, өз жолдарын қайта жалғастыруға бел буған.
Топ тарқайды дегенді естіген халық үшін бұл жаңалық үш бәйтерегі сынғандай естілсе керек. Расында, талай жылдан бері қоңыр қазақи дауыстарымен елдің сүйіктісіне айналған үштік халыққа әлі де қажет екені – жақсылықтың нышаны болса керек-ті.
1477550854_1477538736_photo_16328
Загрузка...