Мутант-адамдар. Адам шошырлық 15 тарихи сурет

9 976 просмотров

Мұндайды медициналық ауытқушылық дейді.

1. Чанг және Энг Банкер деген екі адам — сиам егіздері. Олар 1811 жылы туған. Ел-жұртқа цирк көрсетіп, әлемге танылған. Екеуі де егіз қызға үйленіп, 21 баланы дүниеге әкелген екен.

ba30151e980c81652568023e301d1d06
2. Сүйелден тұратын адам
Мына кісі фон Реклингхаузен немесе нейрофиброматоз деп аталатын кеселге шалдыққан. Бұл кесел ата-анадан балаға қан арқылы беріледі екен.

262a78a700be192152ec3819907ad51f

3. АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінде қолынан айырылған адамдар көп болған екен. Мынау — соларға арналған жасанды қол.

13258918_102106166880619_1256624085_n
4. Алып адамның қаңқасы
Бұл — Джон Аасен деген кісінің қаңқасы. Оның бойы 215 сантиметр болған.

83f50f5d9ed5a350357e7fec002a68ad

5. Мүйізді әйел
Француз әйелі мадам Диманштың басынан мүйіз шықан. Ол бұл мүйізімен алты жыл өмір сүрген екен. Ақыры оны француз хирургы кесіп алып тастапты.

b0bf18d298560672593c47036b4aba09

6. Бас ауырған осылай болады…
Бұл 1821 жылы француз журналында жарық көрген сурет

47c1e2ef5f20bc571b30f0ae7399b2a3
7. Омыртқа қалай қисаяды
Қазір қисайған омыртқаны жөнге келтірудің түрлі жолдары бар. Бұрындары кей адамдардың омыртқасы осылай иіліп кететін.

b0aab09311eaa76b79c3b7403c565ab4

8. Бұл кесел әлі де кездеседі
Эктродактилия — туабітті болатын кесел. Қол немесе аяқтың саусақтары дұрыс дамымай, адам шошытарлық күйге түседі.

fc9289f3b4c9e17c3322ebd1c0580af6

9. Пойыз басып кеткен адам
Мынау кісі — Джей Макнайт. Оның қолын да, екі аяғына да пойыз басып кетіпті.

78ed85432ab25b8120c583f0d00ae68f

10. Үш аяқ, екі жүрек!
Джордж Липперт деген америкалық актер 1800 жылдары өмір сүрген. Оның үш аяғы, екі жүрегі болған екен.

79434d3343922aea67216708fa9ea6b1

11. «Піл ауруы» туралы естідіңіз бе?
«Піл ауруы» — адам денесінің белгілі бір бөлігі сұмдық қатты өсіп кетеді. Мына ер адам «ісінген» аяғына ампутация жасатып, кесіп тастамақ болған. Бұл кесел Азия мен Африканың тропикалық аймақтарында кездеседі.

d34a5782456769946522042e7deaf57a

12. Бланш Дюма
Француз әйелі Бланш Дюма өмірге үш аяқпен, төрт омыраумен және екі жыныс мүшесімен келген екен.

91f84b39b3f9f9d3cff4dcf1aa5b71de

13. Циклопия деген кесел бар
Циклоп — грек аңыздарының кейіпкері. Бірақ циклопия деген мутация өмірде де кездеседі. Кейде балалар екі көзі қосылып кеткен күйі туылады. Алайда мұндай мутацияға ұшырағандар бала кезінде өліп кетеді екен.

5e62d59a312835d0a765184de0258fef

14. Жезтырнақтар
Ежелгі Қытайда адамдар өздерінің байлығы мен жоғары мәртебесін көрсету үшін тырнақтарын осылай өсірген екен.

9a22151ee26174559135d845df84eb31

15. Сифилис — сұмдық кесел
Мына кісі сифилистен көз жұмған.

4ebd3b7b9eab5c3f1d3fb8808e2fda63

Дереккөз: fishki.net

Загрузка...