МС Сайлаубекті белгісіз біреулер атып кетті

97 просмотров

Өткен түнде рэпер МС Сайлаубекке белгісіз біреулер оқ жаудырды. Оқыс жағдай шамамен түнгі екілерде Алматының түнгі клубтарының бірінде болды. Интернетте пайда болған бейнежазба осыны растайды.

Видеодан МС Сайлаубек пен бейтаныс ер адам клубтың алдында сөзге келісіп тұрғанын көруге болады.

Жанжал барысында ер адам қолына қару алып, рэперге бірнеше рет оқ жаудырады. Кейін ізін жасырады. Кейбір дерек көздері бойынша, Сайлаубек қазір ауруханада жатқан көрінеді.

Көпбалалы отбасынан шыққан МС Сайлаубек интернеттегі түсініксіз тілдегі рэп әнімен елге танымал болып, өмірі күрт өзгерген. Қазір ол түнгі клубтарда, кейде тойларда да ән салады.

 

Загрузка...