Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

МС Сайлаубек өзіне оқ жаудырған видеоға қатысты түсініктеме берді

29-мамырда интернетте МС Сайлаубекті түнгі клубтың алдында белгісіз біреу бірнеше рет атып, қашып кеткенін сипаттайтын видео пайда болған.

Осы істің анық-қанығын білу мақсатында Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің шұғыл іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Сайлаубек пен оның продюсерін іздестіріп тауып, интернетте оқ жаудырған видеоға қатысты түсініктеме алды. Ол түсініктеменің видеосы интернетте пайда болып үлгерді.

Видеода Сайлаубек өзінің дін аман екенін айтады. Ал полиция қызметкерінің „бұл атыс-шабыс интернетте қалай пайда болды„ деген сауалына қатысты, ол одан еш хабары жоқтығын жеткізеді.

Ал атыс видеосы 2015 жылдың желтоқсанында ән клипі үшін түсірілген болып шықты.

Рэпер продюсері де бұл видеоның интернетте қайдан пайда болғанын білмейтінін, бірақ осыған қатысты өзіне хабарласқан тілшілерге оны растай салғанын айтады.

Осыған байланысты Алматы қаласының полицейлері МС Сайлаубектің продюсеріне шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін қандай да бір шара қабылданатынын ескертті.

“Полицейлер БАҚ-та ақпарат пайда болға соң МС Сайлаубекке қатысты оқиғаның анық-қанығын анықтауға кірісті. Тергеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, рэпердің Алматы полиция бөлімшелеріне шағым түсірмегені және азаматтың ешбір медициналық мекемеге хабарласпағаны белгілі болды”, – делінеді Алматы ІІД баспасөз хабарламасында.

Дәл қазір тергеу жұмыстары жалғасып, рэпер мен продюсерінің шындыққа жанаспайтын ақпарат таратуының себебі анықталып жатыр. ҚР Заңына сәйкес, белгілі бір шара қолданылатын болады.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары рэпердің жаңа фильм түсіріп, аталған туындыға осылайша жарнама жасап жатқанын жарыса жазып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз