Моңғолияда үш қандасымыз депутат боп сайланды

93 просмотров

29-маусым күні Моңғолияда парламент сайлауы өтті. Бұған дейін билік басында отырған «Ардичалал» демократиялық партиясы оппозициялық «Моңғол халықтық партиясына» жол берді. Оның ішінде үш қандасымыз да бар.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

29-маусым күні Моңғолияда парламент сайлауы өтті. Бұған дейін билік басында отырған «Ардичалал» демократиялық партиясы «Моңғол халықтық партиясына» жол берді. Демократиялық партия билік басында отырған кезде Моңғолиядағы қандастар арасынан төрт адам парламент құрамында еді.

Бұл реткі сайлауда атажұрттан жырақтағы қандастарымыздан үш азамат Моңғол елінің Ұлы құрылына (Их хурал) мүшелікке сайланды. Дәкей Мұрат «Ардичалал» демократиялық партиясы атынан және Х.Бәделхан, Н.Солтан есімді азаматтар «Моңғол халықтық партиясы» атынан депутаттыққа сайланды.

Естеріңізде болса, Қадбысіләмұлы Бәделхан бұған дейін де 2008-2012 жылдар аралығында депутаттық орында отырған болатын.

Загрузка...