Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзиеев Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсылынды. Бұл туралы Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Бұл жайында Азаттық жазды.
2 қыркүйекте Өзбекстан президенті Ислам Каримов инсульттан қайтыс болған соң уақытша президент міндетін атқару премьер-министр Шавкат Мирзеевқа жүктелген.
Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Кандидаттарды тіркеу 30 қыркүйекте басталып, 20 қазан аяқталады.