Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Өмір сүргім келеді”. Қазақ қызына көмек қажет

Жол апатынан кейін қатты бас-миы шайқалып, сол жақ саны сынған ару Талдықорған, Астана және Алматы қалаларында ем алады. Бірнеше отадан өтеді.

«2016 жылы мен амалсыз аяғымды кестіруге көндім. Одан кейін өмірім қатты ауырсынусыз, жақсара бастаған еді. Протезге тапсырыс беріп, онымен жүруді үйрене бастадым. Талдықорғандағы “Ерлік” мүгедектер қоғамына жұмысқа тұрдым», – деп есіне алды Әсел.

Алайда бойжеткеннің бұл «бақыты ұзаққа бармаған».

789

«Бір ай бұрын мүгедектер арбасынан құлап кетіп, аяғымның сынық бөлшегін қайта жарақаттадым. Салдарынан ол қайта іріңдей бастады. Дәрігерлер менің тек екі мүмкіндігім барын айтуда: санның түп жағын мүлде алып тастау немесе Қытайға барып, аяғымның қалған бөлшегін сақтап қалуға тырысып көру. Егер сақтау мүмкін болмаса, мен өмір бақи аяқтан тұрып кете алмаймын. Тіпті отыру мүмкіндігінен дей айырыламын», -дейді Әсел.

Бойжеткен қайырымды жандар қол ұшын созады деген үмітте.

«Сіздерден кез келген көмек келіп қалар деген үмітпен жазып отырмын. Протезбен жүруге мүмкіндік болуы үшін аяғымның сынық бөлшегін сақтап қалуым керек. Сіздердің кез келген көмектеріңізге шексіз алғыс білдіремін. Мені түсініп, жанашырлық танытасыздар деген үміттемін» – дейді Әсел.

Арудың жазбасын желі қолданушылары қызу талқылауда. Олар талай қиындықты еңсерген қазақ қызының қайсарлығына тәнті болған. Белгілі болғандай, оның отасына 150 мың доллар қажет.

«Геодезист мамандығын таңдаған қызды алғаш рет көріп тұрмын. Бұл мамандықты әдетте ер азаматтар ғана таңдайды. Бұл қайсар қызға көмек керек», – деп жазған Салтанат Коршиева есімді қолданушы.

ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ

bezymyannyj

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз