Министрлік тікелей Президентке бағынатын агенттік ретінде қайта құрылды

63 просмотров

Елбасы ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлікті қайта құрылымдау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

„1. ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік тікелей ҚР Президентіне бағынатын ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түріндегі мемлекеттік орган сипатында қайта құрылсын.

2. ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құрылсын.

3. Үкімет ҚР Президенті әкімшілігімен бірлесе отырып, бір ай ішінде осы жарлыққа сәйкес, шара қолдансын„ делінеді Елбасының Жарлығында.

Загрузка...