Министрлік биші қыздармен демалған қызметкерлеріне қатысты видеоға жауап берді

103 просмотров

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің көлік комитеті той тойлаған шенеуніктерін көрсеткен шулы бейнероликтің авторын сотқа бермек.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

„Көлікті бақылау шенеуніктері қалай демалады„ деген бейнеролик авторы қоғамдық орында мемлекеттік қызметкерлердің ішімдік ішуіне бола ма, жалпы бұл думанның ақысы қалай, кімнің есебінен төленді деп ортаға сауал тастайды. Оқиға қала сыртындағы демалыс орындардың бірінде болған.

„Арандатушылық мағынадағы бейнеролик Youtube.com сайтында орналастырылған. Көрініп тұрғандай бейнеролик монтаждалған, ал автор келтірген дәйектер шындыққа еш жанаспайды„ — дейді министрлік өз жауабында.

Министрлік 6-тамызда транспорт саласы жұмысшыларының кәсіи мерекесінде өздерінің көлік комитетінің ұжымы „Чистые пруды„ демалыс орнына демалуға шыққанын айтады. Мемлекеттік қызметкерлердің айтуынша, шараны комитет қызметкерлері өз қалтасынан ақша шығарып ұйымдастырған, яғни бюджеттен ешқандай да шығын шықпаған.

„Ал видеода сан бұралған биші қыздарға келсек, бұл — «Чистые пруды» демалыс орыны әкімшілігінің тұтынушыларды тартудағы маркетингтің қадамы. Олардың биі демалыс орнына келуші барлық тұтынушыға арналады. Яғни, комитет немесе оның өңірлік бөлімшесі кәсіби мерекені атап өтуге арналған думанға биші қыздарды арнайы алдыртқан жоқ. Атап айтарлығы, бұл думанға тек комитеттің қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар, олардың бала-шағасы да қатысты. Сондықтан отбасылық мағынадағы шараға осындай қыздарды алдыртудың өзі ақылға қонымсыз емес пе„ — дейді министрліктегілер.

Сондай-ақ аталған ведомства демалыс күндері ди-джей мен go-go қыздарды демалыс орны алдыртқанын нақтылайтын құжатты да көрсеттті.

ҚР Индустрия және даму министрлігі Көлік комитеті бұл арандатушы бейнероликтің авторын анықтау жөнінде арызданып қойғанын да жеткізді.

„Одан кейін авторын сотқа береміз. Комитет еріксіз осындай шара қолдануға мәжбүр, өйткені бейнероликтегі жайт шындыққа еш жанаспайды әрі ол көлік комитетіне, жалпылай алғанда министрліктің атына кір келтіріп отыр„ — дейді дерек көз.

Загрузка...