Министрлер неге Facebook-ке кіргіш боп кетті?

62 просмотров

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісінен парақша ашты. Осылайша жаңа министр халықпен ашық сөйлесуге дайын екенін дәлелдемек.

Өз жазбасында Дәурен Абаев

«фейсбук-қауымдастық қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің айнасына айналды»

деп атап өтті.

Сондықтан министр осы арадан қоғамның тыныс-тіршілігінен толық хабардар болып, халықпен ұдайы байланыста болатындығына сенім білдіріп, әлеуметтік желіден парақша ашқанын айтады.

Дәурен Абаев басқаратын министрлік таяуда ғана жаңадан құрылымдалып, ашылғанын баса айта кетелік.

5 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кеңес барысында Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды. Жиын кезінде мемлекет басшысы ақпараттық саясат мәселесіне тоқталды.

«Бүгінде бұл функциялар профильді емес министрліктің құзырында. Үкіметте бұл саланы ешкім үйлестірмейді, мемлекеттің ақпараттық саясатқа бөлетін қаражатын ешкім бақыламайды. Сондықтан қазіргі ақпараттық сын-қатерлерді еңсеру үшін, Бес институционалдық реформаның барысын тиімді қолдау үшін өкілетті орган – Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын», – деді Қазақстан Президенті.

Жаңа қызметіне дейін Дәурен Абаев ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болған.

Загрузка...